БҚО-да «Қауіпсіз өңір» жобасы таныстырылды

БҚО полиция департаментінде "Қауіпсіз өңір" жобасының нәтижелері мен жүзеге асырылуы талқыланды. Жобаның тиімділігі атап өтіліп, ол басқа облыстарға үлгі ретінде ұсынылды. Жиында ауыл әкімдеріне алғыс хаттар табысталды.
БҚО-да «Қауіпсіз өңір» жобасы таныстырылды Астане

БҚО полиция департаментінде "Қауіпсіз өңір – сенімді болашақ" тақырыбында гибридті форматта форум өтті. Жиынға облыс прокуроры Нұрбек Ұласбекұлы төрағалық етіп, аймақ басшысы Нариман Төреғалиев, Парламент депутаттары, жергілікті мәслихат депутаттары, құқық қорғау, білім беру салалары және атқарушы құрылым өкілдері, жастар қатысты. Жиында "Қауіпсіз өңір" жобасының нәтижелері мен жүзеге асырылуы талқыланды.

Заманауи технологиялар

Форум барысында жедел басқару орталығында Орал қаласында орнатылған 300 заманауи камераның жұмысы таныстырылды. Бұл камералар 225 нүктеде орналастырылып, жалпы ұзындығы 116 шақырым жер асты желісі жүргізілген. Аналитикалық мүмкіндіктері бар құрылғылар жол қозғалысы ережелерінің сақталуын, білім беру ұйымдарында буллингтің алдын алуды, іздеуде жүрген күдіктілерді табуды және қоғамдық орындардағы қауіпсіздікті бақылауды қамтамасыз етеді.

Жобаның нәтижелері

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев былтыр бастау алған жобаның алғашқы нәтижелерін оң бағалап, бұл бағыттағы жұмыстардың жүйелі жалғасатынына сенім білдірді. Ауыл тұрғындарының игі бастамаларының әсері туралы айта отырып, өңірдегі 23 елді мекен алкоголь өнімдерінен бас тартқанын және былтыр 9 ауылдық округте бірде-бір қылмыс тіркелмегенін атап өтті. Жиында ортақ ой-пікірлер айтылып, үлгілі үрдісті жалғастыру жөнінде ұсыныстар жасалды.

Заң мен тәртіп

ҚР Парламентінің депутаттары "Заң мен тәртіп" қағидатын заңнамалық тұрғыда нығайтуға бағытталған жұмыстарға тоқталды. "Қауіпсіз өңір" жобасы өзге облыстарға үлгі ретінде ұсынылды. Жиын соңында тараптар биылғы іс-шараларды бірлесе атқару бойынша ортақ келісімге қол қойып, жобаның жүзеге асуына атсалысқан ауыл әкімдері мен құқық қорғау және жергілікті атқарушы құрылым өкілдеріне алғыс хаттар табысталды.

Поделиться:
Все изображения и материалы в публикации получены из открытых источников. Если вы являетесь правообладателем, ознакомьтесь с информацией для правообладателей.