Зарядка для ума: как защититься от террора и экстремизма в цифровом мире
Түркістан облысында әскерге шақырылған жастарға арналған кездесу өтті, оның барысында терроризм мен экстремизмнің алдын алу мәселелері талқыланды. Іс-шараның басты мақсаты – жастардың құқықтық, ақпараттық және рухани иммунитетін қалыптастыру, сондай-ақ патриоттық сана-сезімін нығайту болды. Кездесуге 100-ден астам сарбаз атанғалы отырған жастар қатысты.
Экстремизм мен терроризмнің қауіптілігі
Кездесу барысында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің қызметкерлері, құқық қорғау органдары мен арнайы ақпараттық насихаттық топтың мүшелері жастарға терроризм мен экстремизмнің қоғамға тигізер кері әсері туралы ақпарат берді. Спикерлер, экстремизм мен терроризмнің тек құқықтық мәселе емес, сонымен қатар ұлттық қауіпсіздікке төнген идеологиялық және ақпараттық соғыс екендігін атап өтті.
Радикалды идеологияның таралуы
Облыстық ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі Ж. Жорабек жастарға интернет арқылы радикалды идеологияның таралу жолдарын түсіндірді. Ол кейбір әлеуметтік желі платформаларында террористік ұйымдардың жастарды манипуляциялау әдістерін қолданатынын айтып, ақпараттық шабуылдарға қарсы тұрудың жолы ретінде сыни ойлау мен құқықтық сауаттылықты меңгеру қажеттілігін атап өтті.
Кездесу барысында қатысушылар өз сұрақтарын қойып, оларға жауаптар алды. Іс-шара жастарға терроризм мен экстремизм туралы жан-жақты ақпарат беруге бағытталған, сонымен қатар оларды осы мәселелерге қарсы тұруға дайындауды көздеді.

-
Спецназ задержал тренера фитнес-клуба в Астане - видео с места событий4-04-2026, 15:47 15
-
Токаев поручил Сатыбалды ускорить запуск LRT и SkyTrain в Алматы20-03-2026, 23:20 87