Ақтауда 'Адал азамат' семинары өтті
Ақтау қаласында 2026 жылдың 20-қаңтарында ТЖКБ ұйымдарында "Адал азамат" бағдарламасын жүзеге асыруға арналған облыстық семинар өтті. Шараның негізгі мақсаты – кәмелетке толмағандар арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша тиімді әдістерді талқылау.
Семинарға Маңғыстау облысының бала құқықтары жөніндегі уәкілі, білім және денсаулық сақтау басқармалары, полиция департаменті, психологиялық қолдау орталығы, жастар ресурстық орталығы, сондай-ақ ТЖКБ ұйымдарының басшылары мен педагог-психологтар қатысты. Ашылу салтанатында бала құқықтары жөніндегі уәкіл Т.Болатбаева қатысушыларға сәттілік тіледі.
Құқық қорғаушылар мен дін істері басқармасы тәжірибесі
Пленарлық отырыста Маңғыстау облысы полиция департаментінің қоғамдық қауіпсіздік басқармасының орынбасары, полиция подполковнигі Т.Селбаев 2025 жылдың қорытындысы бойынша жасөспірімдермен және оларға қатысты жасалған қылмыстардың жай-күйі туралы ақпарат ұсынды. Бұдан өзге, дін істері басқармасының өкілі Б.Шопанова жастар арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу тәсілдері туралы тәжірибесін ортаға салды.
Семинар барысында "Психологиялық қолдау орталығының" білікті психологтары жастармен жұмыс істеудің логотерапия арқылы тиімді әдістерін таныстырды. Шараның соңында көтерілген тақырыптардың өзектілігін ескере отырып, бірлескен шаралар жүргізу ұсынылды. Бұл ақпарат Маңғыстау облысы ҰҚКД ТҚО бөлімінің негізінде дайындалды.
-
Спецназ задержал тренера фитнес-клуба в Астане - видео с места событий4-04-2026, 15:47 15
-
Токаев поручил Сатыбалды ускорить запуск LRT и SkyTrain в Алматы20-03-2026, 23:20 87