Табиғаттың жаны – биоалуантүрлілік: Болашақтың кілті экологиялық білімде!
12 қараша 2025 жылы Басши ауылдық округіндегі Райымбек батыр атындағы орта мектепте экологиялық-танымдық дәріс өткізілді. Бұл іс-шараның басты мақсаты – жас ұрпаққа биологиялық алуантүрлілікті сақтаудың маңыздылығын түсіндіру, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыру болып табылады. Оқушыларға табиғатты қорғау, сирек кездесетін өсімдіктер мен жануарлар түрлерін сақтау жөнінде маңызды ақпараттар берілді.
Экологиялық білімнің маңызы
Дәріс барысында оқушыларға «Алтынемел» ұлттық паркінің табиғи байлығы мен экожүйесінің ерекшеліктері таныстырылды. Парктың экологиялық жағдайы мен онда кездесетін сирек кездесетін түрлердің сақталуы туралы ақпарат берілді. Бұл білім оқушылардың экологиялық мәдениетін дамытуға, сондай-ақ табиғатқа деген жауапкершілікті арттыруға бағытталған.
Аталған іс-шара экологиялық білім берудің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру арқылы, оларды табиғатты қорғауға, сақтау мен қалпына келтіруге ынталандыру көзделеді. Бұл өз кезегінде, болашақта экологиялық проблемаларды шешуге көмектесетін ұрпақ тәрбиелеуге мүмкіндік береді.
«Алтынемел» ұлттық паркінде осындай танымдық және тәрбиелік маңызы бар іс-шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады. Бұл экологиялық білім беру мен сақтау мәдениетін дамыту үшін маңызды қадам болып табылады.







-
Спецназ задержал тренера фитнес-клуба в Астане - видео с места событий4-04-2026, 15:47 15
-
Токаев поручил Сатыбалды ускорить запуск LRT и SkyTrain в Алматы20-03-2026, 23:20 87