Казахстан и Швейцария усиливают международное сотрудничество в борьбе с отмыванием преступных доходов и экономическими преступлениями
Қазақстан мен Швейцария арасында қылмыстық кірістерді заңдастыруға қарсы іс-қимыл және экономикалық қылмыстармен күрес саласындағы ынтымақтастық жаңа деңгейге көтерілді. Берн қаласында Қаржылық мониторинг агенттігінің делегациясы Швейцарияның құқық қорғау органдарымен бірқатар жұмыс кездесулерін өткізді. Кездесулердің барысында құқық қорғау органдары арасындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды.
Агенттік делегациясы Федералдық прокуратура, полиция және Ақшаны жылыстатуға қарсы есептілік басқармасы (MROS) өкілдерімен кездесу өткізді. Швейцария прокуратурасымен өткен кездесуде қылмыстық активтерді іздеу және тәркілеу бойынша құқықтық көмек көрсету мәселелері қаралды. Сонымен қатар, экономикалық қылмыстарға қарсы іс-қимылда тәжірибе алмасу жүргізілді.
Кәсіби даму және тәжірибе алмасу
Кездесулер барысында қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған оқыту бағдарламаларын ұйымдастыру бойынша ынтымақтастықты тереңдету туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Швейцарияның қаржылық барлау бөлімшесімен (MROS) келіссөздер өткізілді. Делегация күмәнді операцияларды, соның ішінде виртуалды активтерді пайдалану арқылы жасалатын транзакцияларды анықтау тәжірибесімен танысты.
Келіссөздер қорытындысы бойынша Қаржылық мониторинг агенттігі мен Ақшаны жылыстатуға қарсы есептілік басқармасы арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Бұл құжат қаржы барлау органдары арасындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған. Қазақстан тарапы бұл меморандумды кірістерді заңдастыру мен терроризмді қаржыландыруға қарсы күрестегі серіктестікті нығайтудағы маңызды қадам ретінде бағалады.
Ақпарат ҚР ҚМА Баспасөз қызметінен алынған.
-
Представитель Казахстана вошел в историю на чемпионате мира по ушу-саньда в Китае30-03-2026, 17:10 30
-
Спецназ задержал тренера фитнес-клуба в Астане - видео с места событий4-04-2026, 15:47 13
-
Токаев поручил Сатыбалды ускорить запуск LRT и SkyTrain в Алматы20-03-2026, 23:20 87
-
Астана: рекордный прирост населения за год13-03-2026, 17:10 85