Криптовалюта саудасындағы салықтық міндеттемелер: Қазақстандағы жеке тұлғаларға арналған нұсқаулық
Қазақстанда криптовалютамен сауда жүргізу мәселесі заңнамалық тұрғыдан реттеледі. Алайда, елімізде «криптовалюта» термині ресми түрде бекітілмеген, оның орнына «цифрлық актив» ұғымы қолданылады. Цифрлық активтердің айналымы 2023 жылғы 6 ақпанда қабылданған №193-VII ҚРЗ «Цифрлық активтер туралы» заңымен реттеледі.
Заңның 1-бабы 4-тармағына сәйкес, цифрлық актив – электрондық-цифрлық түрде жасалған, цифрлық код берілген, криптография құралдары мен компьютерлік есептеулерді қолдану арқылы жасалған, тіркелген және деректердің таратылған платформасы технологиясы негізінде ақпараттың өзгермейтіндігін қамтамасыз ететін мүлік. Криптовалюта қамтамасыз етілмеген цифрлық активтер қатарына жатады.
Сондай-ақ, ҚР Азаматтық кодексінің 115 және 116-баптарына сәйкес, цифрлық активтер азаматтық құқықтардың түріне жататын мүліктік игіліктер мен құқықтар болып табылады. Ал 128-1-бапта қаржы құралдарына ақша, бағалы қағаздар, туынды бағалы қағаздар және басқа да қаржы құралдары жататыны көрсетілген. Осылайша, ҚР заңнамасы криптовалютаны төлем құралы ретінде танымайды.
Салық салу тұрғысынан, криптовалютаны сату арқылы алынған кіріс «өзге кіріс» санатына жатады. Жеке тұлғалар ф.270.00 нысаны бойынша есеп беруі тиіс, бұл есепті жыл аяқталғаннан кейінгі жылдың 15 қыркүйегіне дейін тапсырылуы қажет. Сонымен қатар, жеке тұлғалар Жеке табыс салығын (ЖТС) төлеуге міндетті (ҚР Салық кодексінің 321, 356, 363-баптары).
-
Представитель Казахстана вошел в историю на чемпионате мира по ушу-саньда в Китае30-03-2026, 17:10 37