Декреттік демалыстан ерте шығу: халықаралық тәжірибе және салықтық міндеттемелер
Қазақстанда декреттік демалыс (бала күтіміне байланысты демалыс) 1 жылдан 1,5 жылға дейін ұзартылды. Дегенмен, барлық әйелдерге бұл мерзімнің соңына дейін демалыста болу мүмкін емес. Көпшілігі жұмысқа ерте шығады, бұл олардың бала 1,5 жасқа толғанға дейін ай сайынғы жәрдемақы алу құқығынан айырмайды.
Егер қызметкер әйел декреттен шығып, жұмысқа қайта кіріссе және жәрдемақыны алуды жалғастырса, оның жалақысынан ЖТС және әлеуметтік төлемдерді қалай төлеу керек?
Құқықтық негіздер
ҚР ЕК пен ҚР СК-ге жүгінейік. ҚР ЕК 82-бабына сәйкес, 1,5 жасқа дейінгі балалары бар әйелдерге баланы (балаларды) емізу үшін қосымша үзілістер беріледі. Олар кемінде әрбір 3 сағат жұмыс сайын мынадай ұзақтықта ұсынылуы тиіс:
- бір баласы барларға – әр үзіліс кемінде 30 минут;
- екі және одан көп баласы барларға – әр үзіліс кемінде 1 сағат.
Баланы (балаларды) емізуге арналған үзілістер қызметкердің өтініші бойынша тынығу мен тамақтану үзілісіне қосылады немесе жұмыс күнінің (ауысымның) басында не соңында біріктіріліп беріледі.
Сонымен қатар, ҚР ЕК 82-бабы 5-тармағына сәйкес, бала (балаларды) емізуге арналған үзілістер жұмыс уақытына қосылады. Үзіліс уақыты үшін әйелдерге орташа жалақысы сақталады.
Жалақыдан салық төлеу
Декреттен ерте шыққан қызметкер әйелмен үзіліс беру мәселесін реттеу қажет. Бұл қызметкер жұмысқа кешігіп келуі, ертерек кетуі немесе жұмыс күні ішінде үзіліс алуы мүмкін.
Бұл санаттағы қызметкерлер үшін табысқа салық салу және әлеуметтік төлемдер есептеу бойынша бөлек шарттар көзделмеген. Яғни, қызметкер үшін стандартты тәртіпте ЖТС, МЗЖ, ӘС, МӘМС жарналары, ӘМС төлемдері есептеліп, ұсталып және төленуі тиіс. Ол үшін ешқандай қосымша жеңілдіктер жоқ.